Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  «Ерекше білім берілуіне  қажеттілігі  бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі» КММ-де 2024 жылдың ІІ жартыжылдығы және 2025 жылдың І жартыжылдығы үшін 2025 жылдың 10 мамыры мен 10 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                         18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне,  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 28 сәуірдегі №163  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне  қажеттілігі  бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі КММ бұйрығына сәйкес  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне  қажеттілігі  бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі КММ 2024 жылғы ІІ жартыжылдықтағы және 2025 жылғы І жартыжылдықтағы жұмыс кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

    Талдау жұмыстарын 2025 жылдың 10 мамыры мен 10 маусымы аралығында жұмыс тобы жүргізеді, оның құрамы мектеп директорының бұйрығымен келесі бағыттар бойынша бекітілген:

  1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  3. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  4. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  5. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

      Жоғарыда айтылғандарға байланысты, егер сізде сыбайлас жемқорлық фактілері, Мекеменің қызметіндегі басқа да құқық бұзушылықтар туралы ұсыныстарыңыз, ақпараттарыңыз болса, Рудный қ., Володарский к-сі, 3, 2 қабат, қабылдау кабинеті (жұмыс күндері) немесе электрондық пошта арқылы: mektep@rudkorr.edu.kz, сондай-ақ 8-71431-7-73-27 телефоны бойынша хабарласыңыз.